Балалар күні туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 45
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 35
Баталар: 7
Шығармалар: 3

Бүгін біздің мереке, қуантатын
Бүгін біздің мереке, қуантатын, Шаттанамыз, күлеміз, ойнақтаймыз. Әкеміз бен анамыздың арқасында, Асыр салар бақытты тайлақтаймыз...
©  Халықаралық балалар күні
Рахмет Әке, анашым
Бізді ойлап жүретін, Сыйлықтарын беретін. Мерекеде бүгінгі, Бізге көңіл бөлетін. Рахмет Әке, анашым, Бізді жақсы көретін.
©  Халықаралық балалар күні
Рахмет сізге аташым
Бірінде бұл маусымның, Табылатын қасымнан. Көп рахмет аташым, Қуантатын жасымнан.
©  Халықаралық балалар күні
Әжетайым рахмет
Баланы қорғау күнінде, Сыйлық беріп, ойнатар. Әжетайым рахмет, Жанға шуақ бойлатар.
©  Халықаралық балалар күні
Анашымдай жан барма
Мерекеде қуантар, Анашымдай жан бар ма? Сыйлықтарын жолдайтын, Әкешімдей жан бар ма? Рахмет әке, анашым, Жетелейтін заңғарға
©  Халықаралық балалар күні
Балалардың мейрамы
Бірінші маусым мереке, Балаларды қорғайтын. Қуан, шаттан балалар, Күнің болып балдайтын.
©  Халықаралық балалар күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттанайық бірге біз. Бар жақсыны тілейік, Дұға етіп күнде біз.
©  Халықаралық балалар күні
Бүгін біздің мереке
Балаларды қорғайтын, Бүгін біздің мереке. Балақайлар баршаңа, Құтты болсын мереке.
©  Халықаралық балалар күні
Барлық әлем бізбенен
Барлық әлем бізбенен, Қуанады балаша. Қуанышын сыйлайтын, Өмір балдай тамаша.
©  Халықаралық балалар күні
Әрбір үйдің еркесі
Әрбір үйдің еркесі, Ойнақтаған баламыз. Мерекеде бүгінгі, Әсем әнге саламыз.
©  Халықаралық балалар күні
Ең бақытты баламыз
Мерекені тойлайтын, Ең бақытты баламыз. Асыр салып,  ойнақтап, Жұлдыздайын жанамыз.
©  Халықаралық балалар күні
Балдай болар жүзіміз
Бүгінгі күн ғажайып, Балдай болар жүзіміз. Қуанышта,  шаттықта, Қызықты өтер күніміз.
©  Халықаралық балалар күні
Тыныш біздің жанымыз
Бірінші маусым мереке, Қуанамыз бәріміз. Балалардың күні бұл, Шаттанатын тағы біз. 
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз бақытты
Балалармыз бақытты, Мерекені тойлайтын. Балалардың күнінде, Асыр салып ойнайтын.
©  Халықаралық балалар күні
Әніміз бар жырымыз
Балалардың күнінде, Жұлдыздайын жанамыз. Әніміз бар,  жырымыз, Тағы жасап қаламыз.
©  Халықаралық балалар күні
Жайнап біздің жүзіміз
Балалардың күнінде, Шаттанамыз,  күлеміз. Жайнап біздің жүзіміз, Бақытты боп жүреміз.
©  Халықаралық балалар күні
Ғажайыптар әлемі
Бірінші маусым,  мереке, Ғажайыптар әлемі. Қуантатын біздерді, Бар айнала әдемі.
©  Халықаралық балалар күні
Ерекше күн ғажайып
Ерекше күн, ғажайып, Балалардың күні бұл. Бізбен бірге бар әлем, Әні менен жыры бұл.
©  Халықаралық балалар күні
Барлық әлем біздермен
Бүгін бізде мереке, Барлық әлем біздермен. Балалардың күнін бұл, Тойлар  бәрі бізбенен.
©  Халықаралық балалар күні
Аналардың жүрегі
Бар жақсыны тілейді, Аналардың жүрегі. Еркелетіп біздерді, Қуандырып жүреді.
©  Халықаралық балалар күні
Бақытты біз жандармыз
Қамқор болар  үлкендер, Бақытты біз жандармыз. Ата-ананы қуантар, Шуақты атар таңдармыз.
©  Халықаралық балалар күні
Балалардың күнінде
Балалардың күнінде, Шаттанамыз күлеміз. Ойын ойнап,  қыдырып, Қуанып біз жүреміз.
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз қылықты
Балалармыз қылықты, Ә дегеннен баурайтын. Балалардың күнінде, Жарқырайтын,  жайнайтын.
©  Халықаралық балалар күні
Еркелейтін Әкеге
Еркелейміз Әкеге, Еркелейміз  Анаға. Атам,  әжем тағы бар, Серуендетер қалаға. Біз бақытты баламыз, Жүрер шулап арада. 
©  Халықаралық балалар күні
Көңіліміз тоқ біздің
Қамқор бізге әкеміз, Қамқор бізге анамыз. Көңіліміз тоқ біздің, Біз бақытты баламыз.
©  Халықаралық балалар күні