Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Жамаулары болса да тесігі білінбейді.(Шұбар ат)
Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.Тамаша ұстағанын жібермейді,Әркімнен қуаты артып, көңіліне тоқ.(Шідер)
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,Темірден сылдыраған иегі бар.Сабағы бірі қолда, бірі белде,Адамға жүрген-тұрған керегі бар.(Жүген, тізгін, ауыздық)
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,Темірден сылдыраған иегі бар.Болғанда бірі қолда, бірі белде,Адамға да, атқа да керегі бар.(Жүген)
Бір күмбездің ішінде мың күмбез.(Таға)
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.Тып-тыныш өз жәйімен тұрмаған соң,Байлаған екі жақтан тесіп құлақ.Ойнақтар ор текесі..
Басы жоқ, төрт аяқты жансыз бір зат,Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.Жүк артсаң белі тағы майыспайды,Құйырық-жалсыз ол неткен меңіреу зат.(Ат арба)
Балдыр-балдыр басынан алыпты,Тәңірберген тамағынан алыпты.Құдайберген құйырығынан алыпты,Ең мықтысы белінен алыпты.(Жүген, сағалдырық, құйысқан..
Аяғыңнан алады,Көтеріп ерге салады.(Үзеңгі)
Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,Жүру үшін біреу келіп сүйрейді.(Ат арба)
Атам илеп қайысын,Қажет құрал тіледі.Атқа, асау тай үшін.(Жүген)
Алты аяқты, төрт көзді,Екі ауызды, бір көзді.Ынтымақ үшін ел кезді.(Атқа мінген адам)
Алмастан тыным,Шабады …(Құлын)
Күннің түнде шығар сыңары? (Ай)
Өзі тор көз, өзі жол,Ішіне жазар ақпарат мол. (Дәптер)
Төрт түлік мал өсірген Қазақ халқы,Қонақ күтіп, сыйласу басты салты.Үш "Е"-- сі бар әріптен құралатын,Ұлтымызда бұл қандай тағам аты? Жауабы: Ежегей
Патшаның төрт қызы бір ұлы бар. Бірінші қызының аты Әдемі. Екінші қызының аты Медина. Үшінші қызының аты Інжу. Төртінші қызының аты Раяна. Соңғы..
Ешкіммен жатқаным жоқ, күнәға батқаным жоқ.Бірақ, үш балам бар. Жауабы 5-әріптен тұрады.Жаман ойлағанның өзі жаман.
©  18+ жас
ҮШ ӘРІП
Кең жазира әлемдіКөретінің – үш әріп. (Көз)Шалқайғанда төбеңненТөнетінің – үш әріп. (Көк)Тірліктегі ең жақынАдамдарың – үш әріп.(Ана, әке, ата, әже..
©  Айсырға Қилыбаева
Бір жеріңе ілініп тұрады, өзіңе білініп тұрады.молда түкіріп береді, әйелің бітіріп береді.бұлда 5-әріп, ойы жаманның өзі жаман. Жұмбақты шешіп..
©  18+ жас
ИНТЕРВАЛДАР
Ең кішіміз Нұрила,Деді, міне ....(прима)Алдыңдағы жет ұлға,Деп секірді...(секунда)Нағашыңды ерт Зия, Күтіп отыр ...(терция)Шөп әкелді бір..
©  Көмек Ыбрайұлы
Орта Азия аспаптары
Ерттеген соң біз атты,Ұмытпалық ...(қыжақты).Тыңдаталық оғызға,Ойнап жібер ...(қомызда).Кесе бермей қу талды,Шалмайсың ба ...(дутарды).Ойнап шықсын..
©  Көмек Ыбрайұлы
Біздің қобыз сияқты,Көрдіңдер ме ...(қияқты)
©  Көмек Ыбрайұлы
Үркіп кетті қойларым,Үнін естіп ...(дойраның).
©  Көмек Ыбрайұлы
Тойға шашу арнайын,Қайда менің ...(карнайым).
©  Көмек Ыбрайұлы