Үзеңгі туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 8
Өлеңдер: 3

Аяғыңнан алады,Көтеріп ерге салады.(Үзеңгі)
Кішкене ғана тостаған,
Лақтырып мені тастаған.
(Үзеңгі)
Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.

Жауабы: Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы
Отырғаным оба жер,
Басқаным бақыр шанақ.Үзеңгі/

Жауабы: Үзеңгі
Кішкене ғана тостаған
Лақтырып мені тастаған.

Жауабы: Үзеңгі
Тептім, терекке шықтым.

Жауабы: Үзеңгі
Аяғыңнан алады,
Көтеріп жерден салады.

Жауабы: Үзеңгі
Алдымда бар нар қамыс,
Артымда бар нар қамыс.
Отырған жерім ой темір,
Басқан жерім бай темір,
Он қолымда-тең қайыс.

Жауабы: Ат, үзеңгі, қамшы..