Арба туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 21
Жұмбақтар: 13
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 6
Әңгімелер: 8
Анекдот, әзілдер: 1

Басы жоқ, төрт аяқты жансыз бір зат,Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.Жүк артсаң белі тағы майыспайды,Құйырық-жалсыз ол неткен меңіреу зат.(Ат арба)
Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,Жүру үшін біреу келіп сүйрейді.(Ат арба)
Тұтас оқысаң –Жасаған қоршау талдан өрiп.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Шаруаға пайдаланатын көлiк.(Шарбақ – Арба)
©  Ескен Елубаев
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Қос қолды хайуанға арта салып,
Салады әуезіне баяғының.
(Арба)
Ізі бар, адымы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Хайуанға екі аяғын арта салып,
Келеді әнін шырқап баяғының.

Жауабы: Арба, дөңгелек..
Екі таяқ көтердім,
Ортасынан итердім.

жауабы
Арба айдау
Болғанда екеу аға, төртеу ала,
Жиырма сегіз екен тапқан бала.
Өзімен ол көп жүкті көшіреді,
Қандайлық мықты болған жүзі қара.

жауабы
Арбаның..
Елде артын барлайды,
Жүгірсе артын жарлайды,
Ми айналып қалмайды.

жауабы
Арбаның дөңгелегі
Төрт бала бірін-бірі қуалады.

жауабы
Арбаның дөңгелегі
Тарақ сияқты ергенек,
Ай сияқты дөңгелек.

жауабы
Арбаның дөңгелегі
Қадамы жоқ ізінің, аяғының,
Созса ұшы жетпейді таяғының.
Екі қолын айуанға артып алып,
Әніне салады екен баяғының.

жауабы
Арба
Қырда ағаш,
Ойда ат.

жауабы
Арба
Ербегей де сербегей,
Иесіз үйге кірмегей,
Атсыз сірә жүрмегей.

жауабы
Арба