Жүген туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 11
Өлеңдер: 1
Туындылар: 1

Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,Темірден сылдыраған иегі бар.Сабағы бірі қолда, бірі белде,Адамға жүрген-тұрған керегі бар.(Жүген, тізгін, ауыздық)
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,Темірден сылдыраған иегі бар.Болғанда бірі қолда, бірі белде,Адамға да, атқа да керегі бар.(Жүген)
Балдыр-балдыр басынан алыпты,Тәңірберген тамағынан алыпты.Құдайберген құйырығынан алыпты,Ең мықтысы белінен алыпты.(Жүген, сағалдырық, құйысқан..
Атам илеп қайысын,Қажет құрал тіледі.Атқа, асау тай үшін.(Жүген)
Бір нәрсе бес бөгенді, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда, бірі белде
Адамға әрқашанда керегі бар.

Жауабы: Жүген
Мәулім-мәулім бастан,
Орта мәулім төстен,
Құлама ет құйрық ұстайды,
Ең жаманы бақай ұстайды.

Жауабы: Аттың жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы
Екі темір, бес ілгек,
Ортасында селкілдек.

Жауабы: Жүген
Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар,
Болғанда бірі қолда, бірі белде,
Адамға әрқашанда керегі бар.

Жауабы: Жүген
Балдыр-балдыр басынан алыпты,
Тәңірберген тамағынан алыпты,
Құдайберген құйрығынан алыпты,
Ең мықтысы белінен алыпты.

Жауабы: Жүген..
Жәндікке барып жабысар,
Асаумен де алысар.
Бағыт сілтеп адамға
Көмекші болып алысар.

Жауабы: Жүген, ноқта
Атам илеп қайысын,
Қажет құрал тiледi.
Атқа, асау тай үшiн.