Ат туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 181
Жұмбақтар: 24
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 109
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 2
Әңгімелер: 29
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 20
Эсселер: 1

Жамаулары болса да тесігі білінбейді.(Шұбар ат)
Алты аяқты, төрт көзді,Екі ауызды, бір көзді.Ынтымақ үшін ел кезді.(Атқа мінген адам)
Мiнiп алып арғымақ,Кедергiлерден қарғымақ.(Ат спортшысы)
©  Ескен Елубаев
Мініп алып арғымақ,Кедергілерден қарғымақ.(Ат спортшысы)
Мәулім-мәулім бастан,
Орта мәулім төстен,
Құлама ет құйрық ұстайды,
Ең жаманы бақай ұстайды.

Жауабы: Аттың жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы
Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.

Жауабы: Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.

Жауабы: Сиыр мен ат
Шиге қамшы байладым.

Жауабы: Белбеуге байланған ат
Алты аяқты,
Екі қарынды,
Екі басты,
Екі қолды,
Төрт көз, төрт құлақты,
Екі мойын, бір құйрықты.

Жауабы: Ат мінген адам
Алдымда бар нар қамыс,
Артымда бар нар қамыс.
Отырған жерім ой темір,
Басқан жерім бай темір,
Он қолымда-тең қайыс.

Жауабы: Ат, үзеңгі, қамшы..
Тау астында төрт бала,
Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына
Төрт айды әкеп байлаған.

Жауабы: Аттың төрт аяғы, төрт тұяғы
Қоян жақты, тақыр жонды,
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы ерін, өзі жүйрік,
Кең омырау, жуан құйрық.

Жауабы: Ат
Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне мінген адам есіреді.
Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң тереңірек шешіледі.

Жауабы: Ат
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.

Жауабы: Мінген ат
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

Жауабы: Аттың екі құлағы мен төрт аяғы
Ана таумен мына тау соғысып келеді.

Жауабы: Аттың төрт тұяғы
Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.

Жауабы: Аттың тұяғы
Тасқа тисе кетілмейді,
Суға тисе ерімейді.

Жауабы: Аттың тұяғы
Алды қияқ, арты шалғай.

Жауабы: Аттың жалы
Ұштым, ұжмаққа шықтым,
Тептім, терекке шықтым.

Жауабы: Атқа міну
Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.

Жауабы: Аттың тезегі
Жездем желіп бара жатыр,
Жез қалпағын түсіріп барады.

Жауабы: Аттың тезегі
Шауып келе жатып шақшам түсті.

Жауабы: Аттың тезегі
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы..