Туыс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 158
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 47
Нақыл сөздер: 19
Құттықтау, тілектер: 16
Баталар: 3
Әңгімелер: 5

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
"Сіз", "біз" - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Ине өткен жерден жіп өтер.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Бала, баланың ісі шала.
Туысы бірге кетпейді,
Түбі бірге түтпейді.
Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.
Туман туысқандай болмайды,
Тұрман құйысқандай болмайды.
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығың сезілсе,
Жақын кісі жат болар.
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.
Ағайында алтау болсаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.
Көлденең кісі көңілге қарамайды.
Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.
Мыңнан жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
Келер кезек, терме тезек.