Ағаш туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 19
Мақал-мәтелдер: 80
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 93
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу. 
Құрыған ағаштың құрты да аш-арық.
Керейден ұл туса,Ағашқа күн туады.
Алма ағашты бергеніне қарап бағала,Адамды еңбегіне қарап бағала.
Аялы ағаш —Саялы.
Кәрі ағаш — бұтағымен,Кәрі адам — ұрпағымен. 
Бір тал кессең,Он тал ек. 
Жалғыз ағаш орманға қарайды,Жалғыз бала қорғанға қарайды. 
Ағаш — жапырағымен,Жер — топырағымен. 
Еменнен қатты ағаш жоқ,Көп жатса жерде дерт ілер.Болаттан қатты темір жоқ,Тасқа салса кертілер. 
Өсер жастың алдын кеспе, Өсер ағаштың басын кеспе.

«Алдын кеспе» деген талантты, болашағы бар адамға кедергі келтірме, әдейлеп..
©  Гүлтас Құрманбай
  Бұтағы көп ағашқа құс қонады, Атағы жақсы адамға сөз ереді. Ағаш басына жел үйір, Жақсы адамға сөз үйір.

Осы мақалдың мәнін ашатын сіздің..
©  Гүлтас Құрманбай
Ағаш шапса-жаңқа бар.
Бір ағашта қанша бұтақ,
Біреуі ғана қамшыға сап.
©  Кенен Әзірбаев
Ақымақ балташы орманға кірсе,Ағаш біткен қалтырайды.
Қартайған ағашты құрт басады.
Халық қарғаған ағаш семіріп қалады.
Ағаш айғайға құламайды.
Кәрі ағаш сықырласа да сынбайды.
Ағаш кессең-ұзын кес,Темір кессең қысқа кес.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.
Бөрінің табысы бөлісте,
Құзғынның табысы ағаш басында.
Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
Ағаш біткенді жүкті қылатын—жел.