Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз..
© Шоқан Уәлиханов
Қазаққа басқа геометриялық пішіндерден гөрі шаршы (квадрат) көбірек ұнаса керек. Өйткені, ол үшін — зат неғұрлым ауқымды болса, соғұрлым маңыздырақ..
© Шоқан Уәлиханов
Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.
© Шоқан Уәлиханов
«Қазақ» сөзі әскери термин ретінде қолданылып, ержүрек, батыл деген мәнді білдіреді.
© Шоқан Уәлиханов
Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.
© Бенджамин Дизраэли
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас.
© Бәйдібек би Қарашаұлы
Төрде отырып, теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып, керіс сөйлегеннен без.
© Бәйдібек би Қарашаұлы
Есікте отырып, керіс сөйлегеннен без.
Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
© Серке Қожамқұлов
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
© Серке Қожамқұлов
Сонымен, армандаңыз. Әрбір армандаған сайын сіздің сол арманды қайтадан бастан өткеруге құқыңыз бен артықшылықтарыңыз бар.
© Эриксон Милтон
Үлкендердің ақылы жабулы. Олар бәрін көре аламыз деп ойлайды. Бірақ олар көрмейді. Олардың заттарды көру көзқарасы алдын ала жоспарланған.
© Эриксон Милтон
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
© Мәлік Ғабдуллин
Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
© Владимир Маяковский