Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: