Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
ҚЫЗЫЛЖАР
 Гүл өспеген кәделі,Бауы да жоқ мәуелі,Басқа жерден сонда да,Көрінеді әдемі.Алдым сапар-жол басын,Кіндік қаным тамғасын.Осы жерде таныспенТуған-туыс..
ТҰМАН
 Тұмшалаған көк тұман,Көрсетпейді маңайды.Ығырыңды шығарған,Тұман қашан тарайды.Күннің көзі көрініп,Жарық нұрын шашса екен.Қуған желден..
ҚОЛ УҚАЛАУ
 Бар шаруаны бітір де,Жан-жағыңды бүтінде.Қолдарыңды ысып қой,Алақанға түкір де.Ақылбек Шаяхмет
ҚОЛ ҚУСЫРУ
 Жеткің келсе мәреге,Еңбек ету-өнеге.Қол қусырып отырсаң,Тамақ өзі келе ме?!
ҚОЛ СОЗУ
 Созсаң досқа қолыңды,Жалғағаның жолыңды.Қолдың ұшы-қолғабысКөп болғаны орынды.
ҚОЛ БҰЛҒАУ
 Бірін-бірі сағынаКөп күткендей сарыла,Қолды бұлғау-қоштасуЖолыққанша тағы да.
ҚОС ҚОЛДЫ ЖАЮ
 Ата жолын жалғағанБата бермес бар ма адам?!Жайғаның қос қолыңды-Тілек тілеу Алладан.
ҚОЛ ҚЫСУ
 Төңірегің нұрланып,Блса бәрі бір қалып.Қолын ұстап қысқанның-Жолдасыңы ырзалық.
ҚОЛ СОҒУ
Ырза болсаң, балақай,Дегің келсе: «Алақай!»Ауырғанға қарамай,Соқ қолыңды аямай.
БАС БАРМАҚТЫ КӨТЕРУ
 Өнерпазға ардақтыКөтерсең бас бармақты,«Бұл-тамаша!»деген сөз,Берген бағаң салмақты.
МҰРЫН ШҮЙІРУ
 Алға тастап бұрымды,Шүйірмеші мұрынды.Менсінбеген түрің бе?Қалған әдет бұрынғы.
ЖАҚ ТАЯНУ
 Қиын істен аянба,Жақтарыңды таянба.Торыққанша құр текке,Не болғанын баянда.
ТІС ҚАЙРАУ
 Таусылса да күш мүлде,Ешқашан да тістенбе.Сабыр қыл да, айла тап,Бір жақсылық істеуге.
БӨРІК АТУ
 Аспанға атып бөркімді,Білдіріп ем еркімді.Шексіз шаттық белгісі,Орындасаң сертіңді.
АРҚАДАН ҚАҒУ
 Аға сені байқаған,Қағып қойса арқадан,Ырзалықтың белгісі,Жақсылыққа бұл қадам.
БІЛМЕЙ ТҰРСАҢ, НЕ ШАРА?!
 Әдет, дағды, ишара,Білмей тұрсаң, не шара?!Түсінгендер-бағытты,Түсінбегендер-бейшара.
ҚҰМЫРСҚА
 О, құмырсқа, құмырсқа,Шебер-ақсың жұмысқаАзық жинап қуысқа,Қол жаймайсың «туысқа».Сағидолла Мұсақынұлы
ТЫШҚАН
 Тышқан, тышқан, тышқандар,Ойбай, «оны ұстаңдар».Қоймай бәрін өлтіріп.Далаға алыс тастаңдар.Қап, қалтаны теседі,Ұн, күрішті шашады.Жойылмаса..
БАЛ АРАСЫ
 Гүлден сорып бал жинапТерлеп жанын қинайды.Және өзіне жиғанын,Адамдарға сыйлайды.
ҚАРҒА
Қарға неге баласың,«Аппағым» деп мақтайды?Кірпі неге баласың,«Жұмсағым» деп ақтайды?Бала деген бауыр ет,Отқа салма, күйеді,Құс екеш те осылай,Өз..
БІРЛІК
 Жалғыздықты қойыңыз,Жалғызда күш болмайдыБіз-дегенің бірлік қой,Достық гүлі солмайды.Істегенде бір істі,Жұмылайық бәріміз.Әрі жұмыс тез..
ТҮЙЕ
 Желсе желдей еседі,Күшінің жоқ есебі.Соңдықтан да адамдар,«Жер қайығы» деседі. 
КЕКІЛІК
 Кекілік-ау,кекілік,Тастан-тасқа секіріп,Жүре берсең, тұяғыңКетеді ғой кетіліп?
КӨКЕК
 Ұя салып жылылап,Балапанын бақпайды.Сөйте тұра бұл көкек,Өзін-өзі маұтайды.
БҰЗАУ
 Мынау тұрған бұзау,Алдында тұр-ожау.Ұнататын тамағы,Шекер емес,тұз-ау!Өтежан Нұрғалиев