Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Неге жылады?
Қоймады бірауық,Қыңырбай жылауық.Ешкімге көнбеді,Тәттіні көп жеді.Ас берсе, ішпеді,Қақсады тістері.Сондықтан жылауық,Тынбайды бірауық.
© Жеңіс Қашқынов
Бала мысық
Көрші үйде бар еді,Айдос дейтін бір ұлан.Тамақ ішіп әуелі,Жуынатын соңынан.Құр жібермей бір күнді,Шығаратын шатақты.Содан да жұрт шіркінді,«Бала..
© Жеңіс Қашқынов
Кір қуыршақ
Кір басқан қуыршақ,Қайтеді жуынсақ?Айтқанды тыңдамайОтырсың,Бұл қалай?Әй-әй, әй, кір бала-ай!Әй-әй, әй, кір бала-ай!
© Жеңіс Қашқынов
Ұнатам күзді мен
Қарашы далаға,Реңі сары ала.Пісті алма албырап,Сарғайды бал құрақАспанда қаптағанБұлт тыным таппағанЖөңкіліп көшеді,Суық жел еседі.Алқаптан..
© Жеңіс Қашқынов
Көмектесем анама
Ішіп болып тамақты,Кірісемін жұмысқа.Жуам кесе, табақты,Су құйып ап ыдысқа.Көмектесем үнемі,Анам ісі сонша көп.Ойлап ылғи жүремін,«Қолқанаты болсам»..
© Жеңіс Қашқынов
Кешкі күн
Кешкі күнҚонды тау басына.Төкті нұрҚұзар шың басына.Кешкі күнҚызыл доп сияқты.Оны кімИтеріп құлатты?Доп, доп, доп-домалақ,Кетті-ау таудан домалап.
© Жеңіс Қашқынов
Менің атам
Күндіз-түні жатпайды,Ешбір тыным таппайды.Кетпен алып егіндіСуарады, баптайды.Мол астықты «Асылы, –Дейді, елдің нәсібі».Ол орылып біткенше –Осы болар..
© Жеңіс Қашқынов
Қорқам ғой
Өзенге кеп, жағаға,Шешіне сап бәрі де,Болат, Сағат, Тана да,Жүзіп барды әріге.Олар нағыз шортан ғой,Әттең-ай, мен қорқам ғой!
© Жеңіс Қашқынов
Шекарашы
Күзетіп байтақ тұр елін,Асқардың дара шыңындай.Қалқан қып ұстап жүрегін,Қорғайды қарашығындай.
© Жеңіс Қашқынов
Ахаңа ашылу
Халқым-ау деген қалпыңды,Жасырып жанға бөледім.Ахам-ай, ардақты атыңды,Атамай қалған жоқ едім.Табындым саған әрқашан,Оралар-ау деп нұр – күнмен.Дір..
© Серікбай Оспанов
Бүркіт
Бүркіт ірі, қайратты,Сұлу әрі айбатты.Көтеріліп тым биік,Көзбен шолар аймақты.Тұмсықтары иілген,Жемін көрсе, шүйілген.Қолға да оны үйретіп,Ерлігіне..
© Серікбай Оспанов
Ақиық
Қырандарды таниық,Бірі олардың – ақиық.Иығында ағы бар,Ол жұлдыздай ағылар.Болат тұяқ, шеңгелді,Оған қай құс тең келді?!Өр Алтайдың құсы бұл,Қасқырға..
© Серікбай Оспанов
Қалай бүркіт өседі?
Балапан ғой бұл әлі,Бүркіт болып шығады.Балапан кез – ақ үрпек,Әрі әлсіз, әрі үркек.Жиі тамақтанады,Темірқанаттанады.
© Серікбай Оспанов
Қыран
Шалып қалған құлағым,Қыран жайын сұрадым.Бастады атам әңгіме,Маңызды да, мәнді де.– Бар жігіттің сұлтаны,Бар жігіттің ұлтаны.Сұлтаны – Ер..
© Серікбай Оспанов
Шалғы
Бүркіт сұсты, сәнді келер,Көп ол жайлы әңгімелер.Ең ұзын он қауырсынынАтайды екен шалғы деп ел.Он қауырсын – он шалғысы,Көрік берер ең сәндісі.Қос..
© Серікбай Оспанов
Томаға
Біліп бөтен адамды,Жақындаса, ұмтылар.Итті, құсты, ол малдыБүрмек болып жұлқынар.Жолатпайды қасына,Сақтық етпей бола ма?Сондықтан да басынаКигізеді..
© Серікбай Оспанов
Еліб
Мақтайды, ешкім кемітпейді,Бүркіт маңғаз, желікпейді.Қауырсын талшық-түкті,Талшық-түгін еліб дейді.
© Серікбай Оспанов
Бүркітші
Аңшы, бірақ бұл тіптенШықпайды аңға мылтықпен.Аң мен құсты бүркітшіАулайды ылғи бүркітпен.
© Серікбай Оспанов
Бүркіттің төрт саусағы
Көрдім тұяқ салғанын,Бүріп түлкі алғанын.Ал атайды бүркіттің«Тегеурін» деп бармағын.Ол шеңгелін кең ашар,Қорқып аң, құс, төл қашар.Сығым – аты жоқ..
© Серікбай Оспанов
Тырна
Ұзын сирақ тырнаны-ай,Құлап қалмай жүр қалай?!Біздің жалқау МаратқаСондай ұқсап тұрғаны-ай!Ұзын мойын тырнаны-ай,Тыриып-ақ тұрғаны-ай.Шынық..
© Серікбай Оспанов
Құстар, қайтып келіңдер
Қимас әнге салады,Құстар қайтып барады.«Қош болыңдар!» дегендей,Қанаттарын қағады.Сау-саламат болыңдар,Жылы жаққа барыңдар.Жылы ұяға қоныңдар,Бейбіт..
© Серікбай Оспанов
Ақ ләйлектер
Сендерге ешкім тимейді,Сендерді кім сүймейді?!Ақ ләйлектер, келіңдер,Бөпе әкеліп беріңдер!
© Серікбай Оспанов
Көкек
Құс емес бір айбарлы,Көкек – тіп-тік айдарлы.Ол – жыл құсы,КөктемдеҚар кетіп, жер кепкенде,Жылы жақтан қайтады,Өз атын өзі айтады.
© Серікбай Оспанов
Балықшы
Кейде суға шүйіліп,Кейде биік заулайды.Көктен төмен құйылып,Көлден балық аулайды.Әне, ол өзін танытты,Көлге түсті қамысты.Әкетті іліп балықты,Балықшы..
© Серікбай Оспанов
Кекілік
Адам көрсе, қашады,Сонша неге сасады?!Жүреді ылғи далада,Оған кім жем шашады?!Жайлы жерді білмей ме,Тыныш өмір сүрмей ме?Ұқсайды ғой тауыққа,Біздің..
© Серікбай Оспанов