Шекара туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 1
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 23
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 9
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2

ШЕКАРАШЫ
Шығыс жақта таң атса,Батыс жақта күн батқан.Солтүстiкте қар жатса,Оңтүстiктi гүл жапқан.Мiне, осындай ғаламғаКөсiлген кең жерiмдi,Қорғайтұғын ағам..
©  Ескен Елубаев
Шекарашы
Күзетіп байтақ тұр елін,Асқардың дара шыңындай.Қалқан қып ұстап жүрегін,Қорғайды қарашығындай.
©  Жеңіс Қашқынов
Сақшы
Менің сақшы ағайымШекарада тұрады.Күзетінде әрдайым –Көреген көз қырағы.Күзетеді күлкімді,Күзетеді ұйқымды.Күзетеді қас қақпайТуған елді сүйкімді.
©  Бақтыбек Қозыкеев