Бөлім: «Жұмбақтар»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Гүлденуде құлпырып еліміз де,Тыныштық пен береке жеріміздеЕндеше, кім біледі, айтып берсін,Қанша көл бар кең байтақ жерімізде? (48-мың)
Құрметтеп өткен жайды ұрындайын,Айтылар өнегелі жырым дайынБілетіндер болса егер айтып берсін,Кісі есімін зерттейтін ғылым жайын. (Антропонимика)
Қараңғылық қоюлап түнді жапты,Ғалымдар адам сенген дінді тапты.Ява аралынан зерттеушілер,Айтыңдаршы, қанекей кімді тапты. (Питекантроп)
Түсінейік мән беріп жырдың хатын,Нағыз досың білсінші сырдың атын.Әкесі жау қолына беріп қойған,Айтып берші, біздерге ұлдың атын? (Мөде шаньюй)
Қазақстан баршаға болған мекен,Баурайы да байлыққа толған екен.Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде,«Алтын адам» нешеде болған екен? (17-жаста)
Түрткілейді төбемнен,Төпелеуге көнем менТүрткен сайын сүңгимін:Бір-ақ шығып тереңнен (Оймақ пен ине)
© Мұзафар Әлімбаев
Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшына шыққан жан бар ма? Ілби басқан ыбылжып, Ұшына шықпас жалғанда (Жол)
© Мұзафар Әлімбаев
Тұрады көтеріп Жеңілі ауырды… Ғұмыры өтеді Қарық қып қауымды (Ошақ пен қазан)
© Мұзафар Әлімбаев
Төңкерілмейтін күбі, Көтерілмейтін күбі. Шүпілдеп-ақ тұрса да, Көрінеді түбі (Құдық)
© Мұзафар Әлімбаев
Ешкім ілмеген шымылдық, Көкжиекте көлбейді. Бүктеуіңе көнбейді, Сипауға да келмейді (Сағым)
© Мұзафар Әлімбаев
Қос құлақ тұтас біткен тым көрікті,Айрылмай бір-бірінен күн көріпті.Біреуі тыңдап, бірі сөйлейді екен,Құлақтың тіл қатқанын кім көріпті?! (Телефон..
© Мұзафар Әлімбаев