Мал туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 163
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 57
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 43
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 5
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Айтарын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһар жатыр.

Жауабы:..
Жамауы бар тігінсіз.
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала-құла тоны бар.

Жауабы: Ала мал
Айтайын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһәр жатыр.

Жауабы:..
Жол, жол, жол жатыр,
Жол айнала қол жатыр.
Тамақ қолдың ішінде,
Айдаһар жегір хан жатыр.

Жауабы: Малдың өті
Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.

Жауабы: Малдың бала көтеретін уақыты
Түрлі-түрлі түр кілем,
Түр аласы бір кілем.

Жауабы: Малдың шуы
Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,
Ақылды кісі шешкен жұмбақ.

Жауабы: Мал сойған адам