Өрмекші туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 9
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

Арбаң-арбаң жүрiсiм,Не iстемейсiң күн үшiн.Шыбындарға тор құрып,Отырамын болдырып. (Өрмекші)
©  Сұлтан Қалиұлы
Құралы əрі ермегі –Тоқитын күн-түн өрмегі.(Өрмекші)
©  Серікбай Оспанов
Кімнен барып үйреніп,Қайда жүріп «оқыған»?Жаздың күні өрмекті,Жалықпайды тоқудан.Өнерімен табады,Өзіне тəн тамағын.(Өрмекші)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Тоқыған ауы – шыбынның жауы.

Жауабы: Өрмекші
Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Құрады жібек ауды оң мен солға.
Тартқанда машинасын оң мен солға,
Табады қаражатын сонда зорға.

Жауабы: Өрмекші
Арқасы домалақ,
Аяғы ұзын.

жауабы
Өрмекші
Еңбекші үй ішінде мекендеген,
Сым арқан дүниеге жетер деген.
Қарқара қара құсша түрін жайып,
Дүниеден уайымсыз өтем деген.

жауабы
Өрмекші
Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге
Аспалы торлар құрады.

жауабы
Өрмекші
Дүниеде бір кемпір бар тіпті кәрі,
Жіп төгіп, өрмек құрып, тоқыр шәлі.
Алады айламенен ала бүркіт,
Табыңдар немене екен мұның..
Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
Тор тоқуға шебер-ақ,
Бiрақ киiм тiкпейдi.
Өнерi де өнер-ақ,
Бiрақ iсi бiтпейдi.