Ошақ туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 11
Өлеңдер: 10
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

Әкесі баласын көтеріп тұрады.

Жауабы: Қазан, ошақ
Қозғалмайды, үш аяқпен тұрады,
Ауыл көшсе, шаңырақта тұрады.

Жауабы: Ошақ
Боп, боп, бопылдақ,
Бопылдақ үсті үш тармақ.
Үш тармақта соқыр шақ,
Соқыр шақ үсті жез қармақ.

Жауабы: Күл, ошақ, қазан, тамақ,шөміш
Бап, бап, бапанақ,
Бапанақ үсті арғымақ.
Арғымақ үсті қызыл тақ,
Қызыл тақ үсті қу шұнақ.

Жауабы: Қазан, ошақ, от
Болғанда қиған қалпақ, қырсау құрық,
Қазан, ошақ, оМінгені үш аяқты қызыл жүйрік.

Жауабы: Қазан, ошақ, от
Басына қара таудың бітер қорған,
Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман,
Қасына төрт нөкерін ертіп алып,
Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.

Жауабы:..
Бар екен арасанның үш төресі,
Жайлауы бір апанның кенересі.
Асты зерден болғанда, үсті балдан,
Адамзаттың ойласақ неменесі!

Жауабы: Қазан, ошақ
Қара тайым мықты,
Қара бием сүтті.

Жауабы: Қазан, ошақ
Үш адам қара киген қарағымды,
Бар еді үшеуінің арғымағы.
Үшеуі үш жағынан қарғыса да,
Жетпейді адым жерге қарғығаны.

Жауабы: Қазан, ошақ
Үш аяғы үш жақта,
Төрт құлағы қалқиған.
Ретін таппай жұмсаса,
Ыңғайына жантиған.

Жауабы: Темір ошақ
Үш атқа мінгесіп тұр жанғыз көрдім,
Соларға тамаша етіп қарап тұрдым.
Жандыны жансызбенен күрестіріп,
Жансызды бір уақытта алып ұрдым.

Жауабы:..