Телефон туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Жұмбақтар: 21
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 35
Нақыл сөздер: 4
Туындылар: 2
Әңгімелер: 13
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 1

Аяғы – аузы,Басы – құлағы.Шырылдап алып,Әңгiме құрады.(Телефон)
©  Сұлтан Қалиұлы
Қалтамдағы бұйыммен,Алыс-жақын, қиырмен,Хабарласам шұғыл мен.(Ұялы телефон)
©  Ескен Елубаев
Құлағында – құлағым,Аузына тақау ауызым.Күнде естiп тұрамын,Жолдасымның дауысын.(Телефон)
©  Ескен Елубаев
Қалда да,Дала да,Хабарласа алады.Бірақ кейде,БіразҮнсіз қалады.(Ұялы телефон)
Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.

Жауабы: Бұрамасы бар телефон
Бір нәрсе жіппен байлап қойған мықты,
Адаммен қатынасы сондай күшті.
Саңқылдап керек затқа хабар берер,
Бір жерін аңдаусызда басса..
Он таңбалы цифрлы,
Әрекеті сиқырлы.
Терсең болды сандарын,
Сөйлер керек жандарын.

Жауабы: Телефон
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?

Жауабы: Телефон
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.

Жауабы: Телефон
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.

Жауабы: Телефон
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.

Жауабы: Телефон
Жылдам барып қайтады,
Не айтсам соны айтады,
Жатырқамайды ешкімді,
Бекер деп кім айтады.

Жауабы: Телефон
Бір құсым бар жаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Кісіге өзі тым жақын,
Сөйлесуге дамыл жоқ.

Жауабы: Телефон
Көзге түртсең сөйлейді,
Көзім ауырды демейді.
Сұрауға жауап береді,
Адамға осы керегі.

Жауабы: Телефон
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.

Жауабы: Телефон
Бір жәшік төрт бұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан даусы шығар.
Қанша алыс болсаң-дағы екі сырға,
Есітіп бір-біріне жақын қылар.

Жауабы:..
Бір нәрсе доп-домалақ ақылы зерек,
Қолына ұстағаны ағал терек.
Беліне орағаны мәсен белбеу,
Ауыздан шыққан сөзді білер зерек.

Жауабы: Телефон..
Шұқысаң көзін,
Көрсетіп төзім,
Арашаға
Біреуді шақырар,
Өзі тыныш отырар.

Жауабы: Телефон
Шұқысаң көзін,
Көрсетіп төзім,
Арашаға
Біреуді шақырар,
Өзі тыныш отырар.

Жауабы: Телефон
Жай да үнсiз тұрады,
Бiреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.