Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Бастық бір сүрінсе,Орынбасары қырық сүрінеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қатын байыса,Байын ұрады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Пара бермегенге,Құдаң да қызмет бермейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жақсы қатын жылда туады,Жаман қатын белден «қуады».
©  Ермахан Шайхыұлы
Отан қуат Отбасы шуақ 
Енеге туған күн,Келінге де туады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Күйеуі арақ ішсе,Әйелі тұз жалайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
МАИ-дың таяғыменӘкімді қорқытпа.
©  Ермахан Шайхыұлы
Байы бар, байы бардың,Оптом сатар майы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
КамАЗ-дан жүк қалмас,Бастықтан түк қалмас.
©  Ермахан Шайхыұлы
Екі бастықтың құйрығы,Бір креслоға сыймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ержеткеннің ойлағаны – арамдық,Бойжеткеннің ойлағаны – амандық.
©  Ермахан Шайхыұлы
Салық көп болса,сауда «өледі».
©  Ермахан Шайхыұлы
Басшы – ұрысқақ,Хатшы – тырысқақ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйелінің аузы жыбырласа,Күйеуінің қолы қимылдайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұрығың қисық болса,Ұлыңа өкпелеме.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жүзің жарқын болғанша,Тісің алтын болсын!
©  Ермахан Шайхыұлы
Сұрамаған басшығаПара бермейді.Пара бермеген соң,Бара бермейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұры тәрбиесі – тесіктен.
©  Ермахан Шайхыұлы
Маскүнем – арақтың құлы.
©  Ермахан Шайхыұлы
Алдай білген арбайды,Арбай білген алдайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастықтың айтқанын қызметкері де айтады,Тек, қолында билігі жоқ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастық ашуланса,Еден жуушының мұрны қанайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Өз әйеліңұрыспаққа жақсы.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жезөкшенің қойны ортақ.
©  Ермахан Шайхыұлы