Алдау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 42
Нақыл сөздер: 24
Әңгімелер: 6
Аңыздар: 2

Алдай білген арбайды,Арбай білген алдайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жастар сенгіштік, алдау оңай.
Күмәншілдерді ешқашан алдамайды.
Кедей болсаң - алдама, бай болсаң - менмен болма.
Жағымпаздық өзін-өзі алдайды.
Арам молда аңқау елді алдап жер.
Айла білген кісілер
Көзіңді байлап алдайды.
Шалғыншы болсаң, болжай біл,
Арбасқан жауды алдай біл.
Алдау - зұлымдық, алдану - ақымақтық.
Көпті алдаған,
Көрінде өкіреді.
Адамды алдау —
Арыңның алдында қылмыс.
Ағаңды алдау —
Анаңның алдында қылмыс.