Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Сақал-қарттың сәні.
Адам араққа жүгірмесе,Арақ адамға жүгірмес.
Қонақ болып қандырсаң құмарыңды,Есте сақта есіктен шығарыңды.
Аштың саусағынан сары май ақпас.
Қарыны ашқанның қарымы үлкен.
Тары жоқта тауық өспейді.
Абай болу-ақылдылықтың арнасы.
Қуаныш пен күйік-кіндіктес.
Уайым ұйқыңнан айырады,Күйік сұрқыңнан айырады.
Жылы сөз салқын судан да жақсы сергітеді.
Өз баласын махаббаты ананыңТұңғиықтың түбінен де табады.
Жасамыс махаббаттың жалыны өшпейді.
Төсенішіңді қалай салсаң,Түсіңді де солай көрерсің.
Аңшы итін мақтайды,Балықшы таңды жақтайды.
Орманға сен қалай қарасаң,Орман да саған солай қарайды.
Жылтыраған сырты бар,Бұршағының құрты бар.
Әр қасіреттің өз жұбанышы бар,Әр аурудың өз дәрісі бар.
Тұзсыз етте шіриді,Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Ананың тізесіне сүйенгенсәби тезірек өседі.
Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
Теңгенің күші тиында.
Торқа кигізсең,Томар да әдемі.
Баланы таба білсең,Баға да біл.
Жалғыз ара балға жарытпас.
Досыңды үш сынама,Үш жыл сына.