Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  998


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жан балам


Ана деген ат берген құлыншағым,
Желбіреген үкідей тұлымшағың.
Әке ізі, әулеттің ұрпағысың,
Бауырға бас, қамқоршы ұлым жаным.



Жанарың бар біздерге жаутаңдаған,
Үстем болар құрметте, даңқың, бағаң.
Көргім келед(і), білімді, сауатты ұл,
Армандарды шынайы, тау тыңдаған.


 


Ақылды боп, есейдің бала құнан,
Жат қылықты ұстатпай балағыңнан.
Іскерлігің бір төбе, иманың дос,
Бағың жансын жан балам талабыңнан.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу