Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  79


Автор: Гүлайша Ерахмет

Жоғалған жүрек

Махаббат, əй махаббат, көз жоқ сенде,
Кездестің неге анау бір бойжеткенге.
Қуантып кеудесіне мың гүл қадап,
Құшақтатып үлгердің бір күнде азап.
Жігітін кеше сүйген суындырып,
Кеттің ғой жас көңілдің туын жығып.
Жүрегін кеттің солай ұрлап алып,
Өткенін жырлап жүрді ол мұң-нала ғып.
Жоғалып қалған жүрек табылмады,
Достары тұрмыс құрды жанындағы.
Бір жігіт қойып еді көңіл бөліп,
Ауылына түсті оның келін болып.
Махаббат, енді келсең болмас па еді,
Өзіңсіз сылаң қақты ол жас келін.
Жүрегі жоғалғанның алдыменен,
Алдыменен рухани байлығы өлер.
Салтын да, ғұрыпын да таптай салар,
Ала жіп кездессе де аттай салар.
Сені де жоқ дейді ол онан кейін,
Сыйлайды нəрестеге обалды өлім.
Бұ дүниенің батсам деп қызығына.
Жаратқанның шет болар сызуына,


Сен болсаң сəлем салар еді елге,
Именіп жүрер еді ерінен де.
Қастерлеп бабасының дəстүрлерін,
Аталатын еді ғой жақсы келін.
Жүрегі жоқ қайтеді мына келін,
Бола ала ма?
Əй қиын, бір əдемі үй.
Жүрегін қайтадан таба ала ма,
Мына тұрмыс жарасын жаза ала ма?
Махаббат, ес жиятын кезің келді,
Ақымақ ете берме көрінгенді.
Қыздарды əкетесің желіктіріп,
Адасады өзіңе сеніп сүйіп.
Жүректі кеуделерден ұрлап алып,
Өмір сүріп келесің мырзаланып.
Кездескен жастарыңа опалы бол,
Сүйгенді бірге қартайт қосағымен.
Жоғалып қалды қанша сүйген жүрек,
Болмашы басы бар да, аяғы жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу