Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  70


Автор: Танакөз Толқынқызы

Көз ілмедім қатарынан жеті күн...

Көз ілмедім қатарынан жеті күн,
Ұйықтата гөр бүгін мені, Түн-Ана!
Жердің барлық түгендедім жетімін,
Сізді сонда сағыну да күнә ма?
Көз ілмедім қатарынан бір апта,
Ұйықтата гөр бүгін мені, Түн-Күймем.
Доғара алман сені ойлауды бірақта...
...Оңала алмас отыңызға шын күйген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу