Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  141


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Киелі менің домбырам

Әні мен өлеңі : Кәрім Жұмағалиевтікі
Атадан маған, мұра боп қалған, киелі менің домбырам,
Бабамның күйін, Даламның үнін, бойына сақтап қалдырған.
Өзіңмен бірге, ойнаймын күнде, кезімнен бала – балдырған,
Құрдасым сенсің, Мұңдасым сенсің, Сырласым сенсің
домбырам - 2 рет
Күмбірлі күйің, күңгірлі үнің, сезімді естен тандырған,
Сиқырлы сазың, әуенді әнің, құлақтың құрышын қандырған.
Жүректі тербеп, бойымды билеп, еріксіз әнді салдырған,
Қазақтың атын, Халқымның даңқын, танытқан елге
домбырам- 2 рет
Жастық шақ кезден, өнерін берген, айналдым жазған тағдырдан,
Дос қылып сені, әнші кып мені, өмірден орын алдырған.
Сыйлай бер әнді, мазмұны мәнді, шабытты оттай жандырған,
Той-думан әнін, келтірген сәнін, киелі менің домбырам- 2 рет
Қимасым менің, сыйласым менің, сырласым менің
домбырам- 2 рет
киелі менің д о м б ы р а м………..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу