Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
219
Абдоллаға
Достық деген берікпіз парызға нық,
Дос болмаса кетеді жаным да азып.
Әбеке, алқам-салқам көңіл үшін,
Сыралатып қайтайық тағы барып.
Көтерейік бір сәтке көңілді біз,
Өмір удай, әрине, өмір қымыз.
Үнжырғаны түсіре берсек тіпті,
Қырсық қылады екен-ау жолыңды мұз.
Сенген достан сен қалдың серті берік,
Бірге жүрсің өмірдің өртін еміп.
Біз де бір күн айдармыз арбамызды,
Жүре бермей жоқшылық дерті көміп.
Жүр, Әбеке, қайталық бөртіп алып...
20 қыркүйек 2005ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇