Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.09.2022
160
Қараңғы бөлменің қамалдым ішінде....
Қараңғы бөлменің қамалдым ішінде,
Асау Түн күшінде.
Өлеңнің өртіне оранып аламын,
Қолымда парақ пен қаламым...
...Ал,ҰЙҚЫ мені көреді түсінде...
Шырмауы шығармас шағала шабыттың,
Қиялдың түймесін ағыттым.
Жүйкені жетім ой жетектеп кетеді,
Артынан шертеді «шер» келіп шекені...
...Осыны бақылап тұрады алып Түн...
Тыныштық- “тыңшысы” тығылған өлеңнің,
Тұңғиық мекенге жөнелдім.
Төбемде Ай,Жұлдыз тұрады күзетіп,
Түрткілеп қояды қәтемді түзетіп...
...Томсарып шығады осы сәт-керең мұң...
Қап-қара түнектің тұтқыны ол-ақын,
Жүрегі жырымен толатын.
Шайырдың о,бастан ойы-кең, таза ары,
Жұлдызбен аспанға жырларын жазады,
...Басқаға “жұбаныш” болатын...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter