Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.08.2022
172
Ит тірлік
Көңілім түсіп, үйіме оймен оралдым.
Күн суып кетті,
Жылы үйге кіріп қонармын.
Әлем де жәлем көңілді кімдер көтермек,
Ойында не бар олардың?
Сары-ала күз кеп,
Айнала әлем оңып тұр.
Кеудені кернеп шаршатты мені солық түн.
Онсызда күйім мәз емес еді, өкіндім,
Көңіл күйзеліп,
Жүрегім менің тоңып тұр.
Жаманда,
Іре,
Қуып та жібер,
Құрт дағы,
Сілекейіңді сіміріп ішші ұрттағы.
Ит екеш иттің киесі бар ғой деуші еді,
Қанден демегін, қазақы төбет сырттанды.
Қазақы төбет,
Иесін қорғап бөрі алар.
Болса да сенде бүгінде атақ, қора мал.
Тазыға еріп, төбетін ұрып өлтірген,
Итқұсқа түбі таланар.
Жайың да мәлім, тірлігің аян, қанықпын.
Түсімде аян,
Өмірім баян анық тым,
Ойланып көрші,
Әлі де мүмкін кеш емес,
Батасын алып халықтың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇