Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
187
ТАУШЫҚ
Көңілді құдай бәсік қып,
Аңырып елім қалғанда.
Жиылып жатақ, кәсіп қып,
Қол созып едің арманға.
Отаның отын сұратты,
Шахталар қаздың тереңнен.
Үңгіген тау мен қыратты
Ісіңнен ерлік көрем мен.
Жылуын шашып бар маңға,
Жалын боп ылғи жанса да,
Жете алмай кетті арманға,
Жақсылар сенде қаншама.
Өмірден өтті қанша адам,
Жандырсам деумен бағыңды.
Көре алмай кетті аңсаған,
Шырайлы сенің шағыңды.
Ағалар біздің белсеніп,
Көтерген бәрін иықпен.
Таулары құсап еңселі,
Көрінген ылғи биіктен.
Аталар жайлы әңгіме,
Таусылмас айтсам расында.
Тыныстап жатыр мәңгіге,
Итолы* жалдың басында.
Сенімен Таушық заңғармын,
Базарлы мекен, бар құты.
Өзің деп өткен жандардың,
Мен де бір қалған сарқыты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter