Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  237


Автор: Төлеген Жанғалиев

Мен

Тайбурыл жырмен тақымдас,
Тарпаңнан құтын қашырмас.
Ұлы Абай туған елденмін,
Ұлыға басқа бас ұрмас!
Сұсынан шошып «Шор» қашқан,
Жоңғарды шапқан-алдаспан.
Тоқтамыс батыр бабамдай,
Тот баспай өстім, әу бастан.
Ер Кебек асыл-арғы атам,
Ездікпен күнде жауласам.
Тапжылмас едім «тақтан» да,
Табаны таймас болмасам.
Мерғали-пірім, өз ағам,
Жыртығын жырдың жамаған.
Үйге кеп жылап аламын,
Далиып кіріп даладан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу