Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
180
КҮЗГІ КЕШТЕ
Самарқау жай айналды бүркіт қырды,
Ініне соңғы суыр үркіп кірді.
Қоштасқан жаз күнінің көз жасындай
Ұсақтап күз жауынын бүркіп тұрды.
Төбелер көз тартпайды қоңырайып,
Қабағын ашпайды аспан тымырайып.
Сіресіп қаптай берді кешкіғұрым
Сұр бұлт қара күзге тым лайық.
Бұл бірақ ықтырмайды қойлы ауылды,
(Бұндағы көрген жандар сан ауырды).
Төбеден ағай қоймен бермен асты,
Жеңешем демдеп жатыр самауырды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter