10.07.2022
  71


Автор: Намаз

Ғұсыл құйыну

Денеде зор рухани ластық болса, ғұсыл құйыну (шомылу) парыз. Рухани ластықтың, болуына себептің негізгілері:


Жүніптік – ер мен әйелдің жанасуы (төсектес болуы). Еркектің жыныстық мүшесінің басы әйелдің қынабына кіруі, еш нәрсе шықпаса да. Еркек, ешкімге жанаспай-ақ ұрығы шабытпен шықса, не ұйқыда болғанда түсінде әйелмен жанасса, оянғанда киімінде дымқыл білінсе ғұсыл құйыну парыз. Ұрығы шықпаса ғұсыл құйыну парыз емес. Қорыққаннан, не ауыр жүк көтергеннен ұрық шықса, дәрет қана бұзылады. Ғұсылдың парыздары үшеу, сумен: Ауызды жуу; Мұрынды жуу; Бүкіл денені иненің жасуындай да су тимеген жер қалдырмай жуу немесе суға шомылу. Ғұсыл құйынбай, не тәяммум соқпай, намаз оқуға, Құранға қол тигізуге, оқуға, тиләуәт сәждесін жасауға, қаабаны тәуәф ету ғибадаттарын орындауға, мешітке кіруге болмайды. Денеде кір болмағанмен, рухани ластық бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу