Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2022
273
АЙША БИБІ КҮМБЕЗІ
Айша бибі күмбезі...
Жан-жағында жасыл қыр.
Тоқтап соған күн көзі, –
Азбай тұрған асыл бір.
Жалынасың сыр сұрап,
«Мұнша нұрлы кім ең? – деп.
Жағылғандай мың шырақ,
Жарқылдайды мың өрнек.
Оны оқитын қай шара,
Қай дұғамен ұғарсың?
Асқақ сұлу Айшаға,
Тек қиялмен құмарсың.
Əлде бұл бір салтанат,
Бақ дəулеттің тұғыры.
Əлде бұл бір махаббат,
Келте болған ғұмыры?
Жауабы жоқ сан сұрақ –
Көкірегінде сан арман.
Көзден нұрың тамшылап,
Қарасын деп жаралған.
Қайран халық қазынасы,
Төзген талай ғасырға.
Айтылып тұр азбасы,
Аман ұрпақ қасында.
Келеді ойға өсиет тек –
Дана қорық – бұл далаң, –
Қызын қандай қасиеттеп,
Ұлын қандай құндаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter