Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  72


Автор: Марфуға Айтқожина

КҮН ТҰРСА ТӨГIП НҰРЫН

Бүгiнгi сайлау – ертеңгi жарқын күнiң,
Мəнiсiн терең ойлан, халқым мұның.
Ер үшiн Ел басқарған жеңiл болмас,
Қайыспай қалың жұрттың тарту жүгiн,
Мəнiсiн терең ойлап халқым мұның!..
Бүгiнгi сайлау – ертеңгi тыныштығың,
Бұлақтардың сыңғыры күмiс бұрым.
Тəуелсiз ел, таңдай бiл қалауыңды
Шықсын десең шыңдардан күлiп күнiң!..
Бүгiнгi сайлау – нұрлы, ашық келешегiң,
Келешек жайлы өзiңмен кеңесемiн.
Тəуелсiз Елбасшысы, елдi ойласа,
Көк аспан, сеңгiр таумен теңесемiн!..
Кең Арқаға орнатқан Ақордасын,
Еңсесi биiк елге тағар ма сын?!.
Тəуелсiз қазағымды үлгi тұтқан,
Толқыттым, татулықтың мол арнасын!..
Жылдарды бастан кешiп алашапқын,
Халықтың қамын ойлар болашақтың.
Күмбiрлi домбырадай шертiлуде,
Елi үшiн тебiренген парасатты үн!
Сол үннен əсерлендiм, елiм, деген,
Сол үннен төгiлдi жыр, өрiлдi өлең!
Елдi ойлар Ерлерiмнiң арқасында,
Тəуелсiз Қазақ көзге көрiндi əрең!..
Бүгiнгi сайлау – ертеңгi көрiктi күн,
Көрiктi күн тұрса екен, төгiп нұрын!
Халықты адастырмас адал жанға,
Халайық, үн қосайық сенiп бүгiн,
Бал бөбек, жүрсiн қырдан терiп гүлiн!
Ақтайтын ел сенiмiн нелер күткен,
Бойлайтын болмысынан тереңдiкпен.
Ойы озық, тұғыры биiк, тұлға керек,
Санасар бүкiл нұрлы əлем бiткен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу