Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  92


Автор: Марфуға Айтқожина

НЕ ЖЕТСIН КЕҢ ДАЛАМА

Кең дүниенiң есiгiн ашып далада,
Өмiр кешiп келемiн мен қалада.
Байтақ дала, алатын мол тынысым,
Сол даладан –
Сəуле түскен санаға!
Далада өсiп, бауыр бастым қалаға,
Қанша уақыт өтiп кеттi арада.
Қанып iшпей –
Кəусарынан даланың,
Айтшы, шөлiм қана ма?..
Кең даланың таулары да биiк тым,
Ержетiп ем,
Лағындай боп киiктiң.
Кең даланың жарысып жүрiп желiмен,
Кең далада табысып ек, сүйiктiм.
Тал-бесiктi тербетiпсiң, жан Ана,
Кең даласыз бақ-жұлдызым жана ма?
Алматыдай, асқақ,
Ару қалада,
Өмiр өтiп, күн еңкейiп бара ма,
Не жетсiн кең далама!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу