Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.06.2022
174
АРҚАНЫҢ САМАЛЫНДАЙ
Япырма-ай!
Қайда кетті, Есен інім,
Орнынан бір табылмай, кеше-бүгін.
Тойлатып,
Түркістанды бар əлемге,
Арқаның самалындай, еседі үнің!
Іздейді жұрт өзіңді,
Іздейді үй де,
Іздейді əйтеу, күдерін үзбей мүлде.
Аруларды көбірек еркелетіп,
Ақындарға уақыты тимей жүр ме?!
Кезің де бар жүретін тасып нелер,
Құшағын өзіңе ерте ашыпты өнер.
Өнер үшін жаралған, сері жанға,
Айтары жоқ,
Арулар,
Ғашық келер!..
Көңілді де, даланы көрікті еткен,
Желіктіріп жүрме, əлде,
Келіп көктем?!.
Өзіңе осынша ма сеніп кеткен,
Келінжанның төзімі –
Берік неткен?!.
Япырма-ай!
Қайда кетті, Есен інім,
Орнынан бір табылмай, кеше-бүгін.
Түркістанды тойлатып бар əлемге,
Самалындай Арқаның, еседі үнің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇