Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
158
Баппен айттың барлығын, шамданбадың...
Баппен айттың барлығын, шамданбадың,
Содан соң-ақ жоғалды қалған бағым.
Телім-телім жүректі осып өттің,
Әнім болып кеудемде жалғанбадың.
Қалдым сонда, шынымен ұғына алмай,
Қарап тұрдың көзіңнің сұғын алмай.
Соқты жүрек аузымнан шығардай боп,
Ауырмасам жарар ед бүгін алла-ай.
Бағым едің басымнан тайғызбаған,
Жатқа айналдың кеудемді айғыздаған.
Жасқанбастан бетіме тіке қарап,
Бұндай қылық көрсетті қай қыз маған?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇