Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
509
Бес күндік өмір өткінші, сынақ адамға...
Бес күндік өмір өткінші, сынақ адамға,
Бәрі де ертең қалады мына жалғанда.
Ажалынан Аллаһтың құтылып кеткен,
Айтшы, бауыр, саналы бір адам бар ма?
Жердің жүзі жайнаған – тіршілік дара,
Құлпырады шығыстан күн шығып дала.
Жаратқанның сыйлығын қарымта қылар,
Хаққа қылған шынайы құлшылық қана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇