Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  220


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Махаббат – сен сұлусың

Махаббат - сен шырайлы,
Махаббат - сен қиял сан.
Тағы бір сәт тұрайық,
Сөйлеспей-ақ, ұялсаң...
Мазаламан мұң шағып,
Көз - көркіңе шомылған.
Сүйгендігім соншалық,
Ұстай алман қолыңнан.
Сезім жолын от қаптар,
Қалған сайын кіл жалғыз.
Әр түрлі соқпақтар,
Қош аман бол гөззал қыз.
Махаббат - ұмыт мені,
Жан сырым боп жүр деймін.
Түстеріңде күт мені,
Түстеріңе кіргеймін...
Махаббат - сен шырайлы,
Махаббат - сен қиял сан.
Тағы бір сәт тұрайық,
Сөйлеспей-ақ, ұялсаң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу