Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
163
Көп көңілін дəл табатын өлеңмен
Көп көңілін дəл табатын өлеңмен
Бала кезден сырлас болып келем мен.
Қайтер едім егер тіпті болмасаң,
Жырым, сені қандай жақсы көрем мен.
Сан қопарып өткен жылдар тізбегін,
Айлар бойы сені талмай іздедім.
Қыр астынан бір көрініп сағымдай,
Жалт берсең де күдерімді үзбедім.
Уысында саған деген сезімнің
Сағыныштан келмей қойды көз ілгім.
Жүр екенсің өмірінде достардың,
Жүр екенсің көңілімде өзімнің.
Əн мен өлең менің екі қанатым,
Шырағым да сендерсіңдер жанатын.
Жан сырымды айтпай білген абзал жыр
Жеті түнде есігімді қағатын.
Шіркің, өлең!
Өзің жайлы ой мынау:
Сыйластықтан ешқашан да айнымау.
Мені, əйтеуір, ғашық жардай өзіңе
Өмір бойы іңкəр қылып қойдың-ау...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇