Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
152
Ыспорттың керегі не!
Ойбай, сұмдық, масқара,
Айта көрме басқаға!
Алпысқа келген Қаймақбай
Тайраңдаған тайлақтай
Сақал-мұрты жалпылдап,
Шақша басы қалтылдап,
«Жасым ұзақ болад», – деп,
Жаттығуын жастардың
Жасайды да жатады.
Қартайды ғой, алжуға
Шынымен-ақ тақады,
Көрші болған қиын-ақ,
Ұяты маған батады.
Қарамай ма көлеміне,
Ыспорттың оған керегі не,
Көрінген ғой өлеріне!.. – деп
Қалтақбас нағашым
Ұстап отыр жағасын...
* * *
Ал, оқушым, салмақтап,
Өзің айтшы бағасын?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇