Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  122


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жалған өмір...

Жалған өмір,
Түсіндім ғой ес біліп,
Сыныңды да, сырың ды да кеш біліп.
Бұл өмірден қала бердім сүрініп,
Тусауымды алмаппын ғой кестіріп.
Жалған өмір,
Уақытша алдаған,
Неге-неге мен өзіңнен алданам.
Қосқанатым, шарқ ұрудан талмаған,
Саған деген сенім менде қалмаған.
Адамдар неге,
Жылап кеп, жылап өтеді,
Мына жалғанда көз жасқа толып етегі. Тасжүрек емір,
Жібісең тегі нетеді.
Жүрексіз жандар жүреді әсте тайраңдап,
Жаралы жанға, білемін әлің жетеді.
Меңіреу өмір,
Түсінсең тегі нетеді.
Өмір-ай тегі,
Өзіңді ешкім жеңбеген!
Сыры мен қыры сан алуан «алып» сен деген. Өзіңнен тегі,
Жеңілмес ақын «мен» деген.
Жаралы жанды уақыт езі емдеген,
Өмір-ай сірә,
Өзіңді ешкім жеңбеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу