Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  69


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шалғын бар ма Алматының бағында

Шалғын бар ма Алматының бағында
Аунамаған шалқып жүрген шағымда!
Махаббат пен бақыт деген немене,
Түнде толқып құшаққа енген ағын ба?
Әлде арудың жүрегі ме алқынған,
Құмарлықтың сарайында алтыннан,
Түнеп шығып, күйіп-жанып, таң ата
Тығылғаны болар саған салқыннан!
Әлде қыздың мөлт-мөлт тамған жасы ма?
Арманының Айын жастап басына
Жүргеніңде, бәрін саған бере сап,
Ергені ме қңлың құсап қасыңа?!
Махаббатың, бақытың сол – немене!
Алматыға пері бауға келе ме?
Пәктігіне, ақтығына жүрегің
Тәңіріңдей табынып кеп сене ме?
Онда қойдым! Жүрегіңмен жебеле,
Көтере бер, көтере түс төбеңе




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу