Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  126


Автор: Аманхан Əлімұлы

Пойызда

Қоздатқан көңілдегі шаланы ескі,
Жылдамдық құс тістеген алады есті.
Жұлдызқұрт тізбегіндей пойызбенен,
Жарысып келе жатыр дала кешкі.
Күн батқан қанды бетін жалап қырдың,
Мен болсам терезеден қарап тұрдым.
Сен болсаң сымы ызыңдап, сыны қашқан,
Келесің бағананы санап, құрбым.
Көк сырын көңіл басты шертесің бе, ей,
Ей, бақпа Ай құла қасқа кер төсіндей.
Вагондар, вагондар ма арлы-берлі,
Түйенің теңселеді өркешіндей.
Түн ауды, қараңғылық қасы қалың,
Жол алыс сынып сағың жасымағын.
Діттеген жерге сен де асығасың,
Күтпеген жерге мен де асығамын...
Қазақы қандай жақсы көрінгенің,
Сеземін сағыныштың керім демін.
Түсетін жерің сенің белгілі қыз,
Белгісіз түсе-тұғын жерім менің.
Жарысқан жылдамдықпен ақпа бұла Ай,
Өтпелі қоймаспын-ау шаққа құлай.
Біледі пойыз барып-қайтар жерін,
Күйреуден қан жылатты сақта, Құдай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу