Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2022
192
Көңіл күй
Енжар Сыр ағып жатыр баяу ғана,
Тұман кешкі.
Көңілге түсірмеген қаяу бала,
Күмəн кешті.
Бір кезгі екпін қайда жарды жеген,
Сырдария.
Жағаңда сөгілмеген қарлы көбең,
Тұр қария.
Шыға ма, Ата, мұңды қалпың естен,
Үрей кешкен.
Суық жел қар сапырып салқын ескен,
Дүлей көшкен.
Ойда ауыл, қырда қабір тіршілік бір,
Жуық маңда.
Денесі қос қараның түршігіп тұр,
Суықтан ба?..
Қария, аңқау бала, мезгіл кешкі,
Мұз-қар кешті.
Келеді өңге тоғай теңбіл десті,
Ызғар есті.
Тірліктен сыр ауларсың қалпыңды ұқпар,
Шалғанда ойды.
Өмірдің өзінде де салқындық бар,
Алған бойды.
Ойда ауыл, қырда қабір, ажал алда,
Тіршілік бір.
Жан-тəнім Алла берді, тажал алма,
Түршігіп тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇