Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  135


Автор: Аманхан Əлімұлы

О, дала күткен күпті сары қырқаң...

О, дала күткен күпті сары қырқаң,
Түбі атар созылмалы бəрібір таң.
Біреулер қабір жақта шақыра ма,
Тыншымай кетті неге кəрі-құрттаң.
Кіді күз көз ілдірмей ұзақ түнің,
Тастайды көңіл қапты тұзақ-мұңын.
Салқын Ай сабау қарап тұр əйнектен,
Жатқанда басып ұшпа қыз аптығын.
Қап-қара түн қойнында аймақ біткен,
Мысалы, қоюлығы қаймақ тіптен.
Қайран күн қалып жатыр өтті-кетті,
Жалғандап жанға жайлы жай бақтықпен.
Жұлдыздар жымың-жымың ымдасқанда,
Не жетсін, қарап жатсаң түнгі аспанға.
Сабау Ай көңілсіздік басқан кезде,
Кетеді ұқсап кейде мұңдас жанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу