Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  205


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қылықты қыз

Қылықты қыз қыпша бел, қиық қасты,
Тұрсам да мен алдыңда иіп басты, –
Менен бұрын жел сипап бұрымыңды,
Менен бұрын тағы сол сүйіп қашты.
Қылығымды құлындай тұсады ма,
Бала шағым басымнан ұша бұла, –
Менен бұрын Ай нұры аймалады,
Менен бұрын түн алып құшағына.
Аңғара да бермейтін күйді кейде,
Текке ұшпа сезіммен сүйді дей ме? –
Менен бұрын көк нөсер жуындырып,
Менен бұрын тəніңе тиді жейде.
Тартып тағдыр тағатсыз күзіңді алға,
Бойымды алған кезінде ызың, шалма, –
Менен бұрын ұйқыңнан таң оятып,
Менен бұрын Күн шайды жүзіңді алма.
Көрінісіндей көңілсіз жасты күннің,
Мысы еңсемді бір мезгіл басты мұңның.
Бақытты артық бəрінен сезінер ем,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу