Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  113


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Алдау

Ештеңе айтқам жоқ,
ештеңе күткем жоқ бүгіннен!
Сезімім жылаған, төзімім үгілген.
Мына бір Арқаның жаңбыры жаздағы,
барлығын қозғады...
Кешені, бүгінді, ертеңді...
Әр тамшы жаңбырың – жүрекке тамған жас,
сезімім сімірген...
Гүлдеген үмітті үсітті гулеген өсектер,
мөп-мөлдір мұңымды жасытты
кірлеген төсектер.
Сезімді ұшықтап, көзімді бұладым,
алдауға түсіп қап, арманнан құладым.
жыладым, жыладым.
Е, қойшы, үйреншікті өмір бұл,
күн түссе көгерер көңіл – гүл.
Мұратқа жетесің шыда деп,
ертегі емізіп сенім жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу