Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  166


Автор: Қалижан Бекхожин

КӨҢІЛ ШІРКІН...

Көңіл шіркін баяғыдай бір шақта,
Әлденеге әуестеніп қызығар.
Қырау басқан мұртты сипап тұрсақ та,
Албырт кездің жүрегімде ізі бар.
Делебемді қыздырғандай ошаққа,
Кейде маздар бойымдағы қызулар.
Бурыл бастың сыңайына сол шақ па?
Ойлап соны ынтам қайта бұзылар.
Еске түссе гүл толған кез құшаққа,
Жүрегімде сора терең сызылар.
Қайран көңіл, ая мені, сыр сақта,
Қызық аз ба, бұл дүниеде қызығар.
Мәз-мереке теңізінде қызықтың
Жас қалпында шалқыр мәңгі жүзіп кім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу