Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
260
ҚЫРАН
Тыңдаймын таудан бір әнді,
естимін сайдан бір күйді.
Көремін ұшқан қыранды –
қанатын жайып сырғиды.
Қалқиды құмай көкпенен,
етекте – таудың өзені;
адамның үні жетпеген
биікті қыран кезеді.
Теңесіп текті, күштімен,
ұшатын тауды тыңдатып,
қарайтын көктің үстінен
қыран болу да шын бақыт.
маусым, 1964 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter